Қалалық оңалту орталығында психолог маман Мантессори методикасымен баллалардың ұсақ маторикасын дамытуға және түстерді ажыратуды үйретуге негізделген жаттығулар мен ойындар жүргізуде. Балалар алдымен саусақпен кейін қысқыштың көмегімен жумсақ шариктерді түстеріне қарай табақшаларға салады. Ойынды жаңа тапсырмалар қосу арқылы түрлендіруге болады. Жалпы бұл ойын баланың ұсақ моторикасын, ұшқыр ойын, логикалық ойлауын, тактильді сипап сезуін, түстерді ажыратып қабылдауын және табандылық пен мақсатқа бағыттылықты дамытады. Сонымен қатар дұрыс санауды, қосу мен азайтуды да үйренеді.